Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райының күрт салқындауына байланысты Өзбекстанда газ құю бекеттеріне шектеу қойылды
16:19 / 2021-11-18

Өзбекстанда ауа температурасының күрт салқындауына байланысты бастап автокөліктерге табиғи газ құю станцияларының жұмысына шектеу қойылды.

Энергетика министрлігі ақпарат қызметінің хабарлауынша, кешкі және түнгі уақытта газ құю бекеттерінің қызметі шектеледі. 

Министрлер Кабинетінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы 22 қаулысы бойынша «Табиғи газды пайдалану ережесі» 7-бап 58-тармағымен көтерме және автомобильдік газ толтыру станцияларына табиғи газды жеткізу туралы екі жақты келісімнің ережелері негізінде, облыстық басқармалары бекіткен кесте бойынша автокөліктерге газ құю бекеттерінің жұмысына шектеу қойылады.

Мақсат – ең әуелі табиғи газбен қамтамасыз ету маңызды болып табылатын халық, аурухана, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерді, сондай-ақ электр энергиясын өндіретін ірі станциялардың табиғи газға деген тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Бұл жағдай уақытша шектеу шаралары болып, ауа температурасы біршама көтерілгенше жалғасады және АГТКШ тез арада бұрынғы жұмыс режиміне оралатыны, айтылған хабарламада.