Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда аптаның аяғында қысқы ауа-райы қайта оралады.
19 қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек Қарақалпақстан, Хорезм, Ташкент, Самарқанд, Жыззақ және Сырдария облыстарынан басқа.
20 қаңтарда Қарақалпақстанда, Хорезм облысында жаңбыр жауып, қарға айналады. Ташкент, Самарқанд, Жыззақ, Сырдария облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең жаңбыр жауады. Басқа аймақтарда жауын-шашын болмайды.
21 қаңтарда елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, Қарақалпақстанда және Хорезм облысында қар жауады, ал Бұхара мен Науаиы облыстарының кей жерлерінде кешке қарай жаңбыр жаууы мүмкін.
22 қаңтарда суық антициклонның әсерінен ауа-райы күрт өзгере бастайды, және ол республикаға қар мен теріс температураға әкеледі. Ылғалды ауа массалары Еділ бойынан еніп, елдің солтүстік облыстарынан бөлек барлық аумағында қар жауады. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз, күндіз 3 градус жылы.
23 қаңтарда антициклон республиканың барлық облыстарын қамтиды, жаңбыр жаууы екіталай, бірақ өте суық болады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 2 градус аяз - 3 градус жылы болады. Ауаның орташа түнгі температурасы қалыпты нормадан 6-8 градусқа төмен.