French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда температура төмендейді
14:22 / 2021-09-06

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, аптаның екінші жартысынан ауа температурасы төмендейді.

8 қыркүйекте республиканың солтүстігіне Еділ бойынан салқын антициклон кіре бастайды. 9-10 қыркүйекте салқын ауа массасы Өзбекстанның барлық облыстарын қамтиды.

Республикада жауын-шашын болмайды. Сәрсенбі, 8 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде ауа райы жылы болады, температурасы 32-37 градус, тек солтүстік облыстарда ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендейді.

9-10 қыркүйекте Өзбекстанның барлық облыстарында ауа райы салқындайды. Жұма күнге келіп ауа температурасы түнде және таңертең 12-17 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 23-28 градусқа дейін ыстық болмақ. Бұл орташа көпжылдық мәннен 2-4 градусқа төмен.