Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда температура төмендейді
«Узгидромедтің» хабарлауынша 7-8 қазанда күндізгі температура 17-22 градус, 9-10 қазанда 15-20 градусты көрсетеді
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бұл апта Өзбекстанның бүкіл аумағы аз бұлыттылық байқалып жылдағы климаттық нормадан температура төмен болып 20-25 градусты көрсетеді.
Ертең 6 өазан күнінен бастап республика аумағына Жайықтан құрғақ, бірақ суық ағынды ауа келеді деп күтілуде. Елдің кей жерлерінде желдің жылдамдығы күшейіп, түнде 7-12 градус шамасында жылылық байқалса, ал күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендейді, бұл күндік нормадан 4-6 градусқа төмен. Тау бөктері мен таулы аймақтарда кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін.
7-10 қазан күндері Өзбекстан аумағы солтүстік атмосфералық ағындар әсерінде болып, түнгі температура 3-8 градусқа дейін, солтүстікте 0-5 градусқа дейін төмендейді. Мұндай кешкі уақыттағы төмен температура аптаның соңына дейін сақталады.
7-8 қазанда күндізгі температура 17-22 градус, 9-10 қазанда 15-20 градусты көрсетеді.