French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда күн суытып, жаңбыр жауады
15:07 / 2021-09-27

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша апта соңына келіп Өзбекстанда күн суытып, жаңбыр жауады деп күтілуде.

Қыркүйек айының соңына қарай Өзбекстанда тұрақты құрғақ ауа-айы байқалып, әлсіз және аздап жел тұрады. Температура түнде 10-15 градус, күндіз 23-28 градусты көрсетеді. Тек Қарақалпақстанда 30 қыркүйекте Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан суық ауа енуі салдарынан, ауа райы өзгереді, жаңбыр жауады. Күндізгі температура 13-18 градусқа дейін төмендейді.

Қазан айының алғашқы күндері суық ауа-райы бүкіл Өзбекстанға таралады. Ташкент, Самарқанд, Жызақ, Сырдария облыстарында және Ферғана аңғарының кей жерлерінде жаңбыр жауады, жел күшейеді. Температура түнде 7-12 градусқа, күндіз 15-20 градусқа дейін төмендейді. Биік таулардағы жаңбыр қарға айналуы мүмкін.