Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша апта ортасына келіп Өзбекстанда күн суытып, жаңбыр жауады деп күтілуде.
Сейсенбі, 4 мамыр күн бұлтты болады, бірақ елдің басым бөлігінде құрғақ ауа райы сақталады. Тек күндіз Самарқанд пен Қашқадария облыстарының кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы өзгермейді.
5 мамырда Өзбекстан аумағына Каспий теңізінің оңтүстігінен ылғалды және салқын ауа келуіне байланысты Самарқанд, Жызақ, Сырдария, Қашқадария, Сұрхандария облыстарында және 6 мамырда республиканың басым бөлігінде (Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарынан басқа) кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағайлы болуы мүмкін.
4-6 мамыр аралығында республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
7 мамыр, жұма күні тек Ташкент, Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында жауын жауып найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы өзгермейді түнде 12-17, күндіз 25-30 градусты көрсетеді.