Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда бұл апта температура салқындайды
14:14 / 2021-07-26

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» мәліметінше, Өзбекстанда жаңа жұмыс аптасының ортасынан бастап салқын ауа массасы енеді.

Бүгін Өзбекстанда ауа-райы аз бұлтты болып, күндізгі температура 41-44 градус, оңтүстік және шөлді аймақтардың кей жерлерінде 45-46 градусқа жетеді.

Ертеңнен бастап республиканың солтүстік аймақтарына Батыс Қазақстан арқылы Еділ бойынан салқын ауа массасы енеді бастайды. Бірақ салыстырмалы түрде оңтүстік-шығыс облыстарда жылы ауа-райы сақталады. Температура сәл төмендеп 37-40 градус көрсетсе, кей жерлерде оңтүстікте 42 градус және солтүстікте 34-37 градус болады.

Жақын күндері салқын ауа массасы республиканың барлық аумағына таралады. Апта ішінде температура біртіндеп төмендейді және жұма күнге қарай 33-35 градусқа дейін жетеді және қалыпты мәндерге жақындайды. Ал, кейбір аймақтарда температура шілде айының соңындағы орташа көпжылдық мәндерден 2-3 градусқа төмен.