Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша Өзбекстанда бұл апта тағыда қар жауады.
24-25 қарашада республика аумағына Қазақстан аумағынан ауа массаларының көбірек енуі күтілуде, бірақ бұл ауа массалары бұрынғыдай суық болмайды. Оның салдарынан 24 қарашада Хорезм облысы, Қарақалпақстанда, 25 қарашада Ташкент, Самарқанд, Жыззақ, Сырдария облыстарының кей жерлерінде қар жаууы мүмкін. Қалған аудандарда, ауа райы бұлтты болып, жауын жаумайды. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Ауа температурасы 24 қараша түнде 3-8, күндіз 2-7, солтүстікте түнде 5-10, күндіз 2 градустан 3 градусқа дейін болса, 25 қараша түнде 0-5, күндіз 2 градус суық болады.
26 қарашада антициклонды ағын біраз шегініп, Өзбекстан аумағына жылы ауа массалары енеді. Республикада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде 0-5 градус суық, күндіз ауа температурасы нөлден 7-10 градус жоғары жылылықты көрсетеді.
27 қарашада республиканың солтүстігіне Кавказдан ылғалды және суық ауа массаларының түсуімен кей жерлерде қар жаууы мүмкін, ал қалған аймақтарда жылы ауа-райы жауын-шашынсыз өтеді. Түнде ауа температурасы 0-ге дейін аздап көтеріледі, күндіз 5-10 градус шамасында жылы, ал оңтүстікте 11-13 градусқа дейін ысиды.
28 қарашада суық ауа-райы республиканың барлық аймақтарына таралып, кей жерлерде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара және Науаиы облыстарында жауын жаумайды. 27-28 қарашада жел кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде. Ауа температурасы түнде -3 градус аяздан -2 градусқа дейін жылылықты көрсетсе, күндіз 2-7 градус жылы болады.