Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда бұл апта суық антитциклон байқалады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда бұл апта суық антитциклон байқалады.
Ондағы хабарға сай, жаңа жылдың алғашқы жұмыс аптасында өте жоғары қысымды аймақ аномальды суық ауа райының әсерінде болады.
Температура түнде 5-10 градус аяз, солтүстік және шөлді аймақтарда 12-17 градус суық болса, аптаның аяғында күндізгі температура 0-5 градусты суықтан жоғары болмайды.
Апта ішінде ауа температурасы орташа жылдық көрсеткіштен 8-10 градусқа төмен болады. Республиканың кей аймақтарында тұман байқалып, осы кезең аралығында таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі бар.