Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда бұл апта күн жылы болады
16:20 / 2021-03-09

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда бұл апта күн жылы болады.

Хабарламаға сәйкес, 10 наурызда фронтальды аймақтан өту кезінде кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Тек Қарақалпақстан мен Хорезм облысында күн-райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 10-15 градус жылы болады.

11 наурызда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, тек Сұрхандария, Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында, түнде және таңертең Ташкент облысының кей жерлерде жауын-шашын болады. Ауа температурасы 12-17 градус жылылықты көрсеткен.

12 наурызда Өзбекстанның басым бөлігінде құрғақ және жылы ауа-райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз 20-22 градусқа дейін жоғарылайды. Тек солтүстік облыстарда күн-райы өзгеріп, Қарақалпақстан, Хорезм облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Ауа температурасы солтүстік аймақтарда 2-7 градусқа дейін төмендейді.