Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда бұл апта күн жылы болады
13:49 / 2021-01-11

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда бұл апта жылылық байқалады.

Бүгін Өзбекстанда ауа-райы ашық және өте жылы. Күндіз ауа температурасы 7-12 градус болады, бұл қалыпты жағдайдан 4-5 градусқа жоғары. Ел аумағына жылы ауа массаларының келуімен кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Узгидрометтің хабарлауынша, ертең республиканың басым бөлігінде құрғақ және жылы ауа-райы сақталады. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градусқа дейін жоғары, күндіз 5-10 градус жылы болады. Республиканың солтүстік аймақтарына тек Кавказдан салқын және аздап ылғалды ауа массалары енеді деп күтілуде. Қарақалпақстан мен Хорезм облысының кей жерлерінде аздаған жауын-шашын болуы мүмкін (жаңбыр, қар).

13 қаңтарда ауа массасы ағынының алдыңғы бөлігі шығысқа қарай жылжиды, түнде Ташкент облысында, сондай-ақ Ташкент пен Наманган облыстарының тау бөктері мен таулы аймақтарының кей жерлерінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан - 3 градусқа дейін жоғары, күндіз 3-8 градус жылылық байқалған.

14 қаңтарда жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді, күндіз 5-10 градус шамасында жылы болады.

15 қаңтарда республикаға Ираннан жылы ауа массалары келе бастайды, соның салдарынан құрғақ ауа-райы күтіледі және ауа температурасы түнде 2-5, кей жерлерде 0-2 градус, әсіресе суық аймақтарда, күндіз 10-15 градусты жылы болады. Бұл қалыпты нормадан 5-7 градусқа жоғары.