Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда бұл апта ауа температурасы 40 градусқа дейін ысиды
14:17 / 2021-05-24

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» жаңа аптадағы болжамынша Өзбекстанда ауа температурасы 40 градусқа дейін ысиды.

25 мамырда жоғары циклонның әсері тек елдің ең шығыс аймақтарында сақталады. Ферғана алқабындағы облыстардың тау бөктері мен таулы аймақтарының кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғып, найзағай болуы мүмкін.

26 мамырдан бастап Өзбекстанға Ираннан өте ыстық ауа массалары енетін болып, күндізгі температура 34-37 градусқа дейін көтеріледі. Ал, оңтүстік пен шөлді аймақтарда 38-40 градусқа дейін жетеді. Бұл орташа көпжылдық белгілі деңгейден 5-8 градусқа жоғары.

Метеорология орталығы 24-27 мамырда республиканың тау бөктері мен таулы аймақтарында жергілікті жаңбырларға байланысты су тасқыны қаупі туралы ескертеді.