Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады деп күтілуде
16:20 / 2021-04-19

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша бұл аптада Өзбекстанда ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады деп күтілуде.

20-21 сәуірде Өзбекстан аумағына Каспий теңізінен ылғалды ауа массалары мен Жайықтан салқын антициклон енеді.

20 сәуірде күндіз Ташкент, Самарқанд, Жызақ және Сырдария облыстарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Бұхара, Науаи, Қашқадария, Сұрхандария облыстарында біраз жауын жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 17-22 градус болады.

21 сәуірде республиканың орталық және шығыс аймақтарында жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз 13-18 градусқа дейін төмендейді. 

Жұмыс аптасының екінші жартысында Өзбекстанның барлық аймақтарында күн бұлтты және құрғақ болады.

22 сәуірде суық антициклонның перифериясында температура түнде 3-8 градусқа дейін төмендейді, ал күндізгі температура біртіндеп көтеріліп, күндіз 17-20 градусқа дейін, ал 23 сәуірде 22-25 градусқа дейін көтеріледі.