Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда апта соңында жауын жауады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша, бұл апта соңына қарай Өзбекстанда жауын жауады.
11-13 қаңтар күндері республика облыстарында ауа райы негізінен құрғақ болады деп күтілуде, тек 13 қаңтарда республиканың тау бөктері мен таулы аудандарыныңа кей жерлерде жаңбыр, биік таулы аймақтарда қар жауады.
Аптаның ортасында ауа температурасы түнде 3-6, күндіз 9-12 градусқа дейін көтеріледі.
14 қаңтарда Өзбекстан аумағына Каспий теңізі аумағынан ылғалды, бірақ жылы ауа массасы енеді. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік облыстарда қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде.
Ауа температурасы 2-4 градусқа көтеріліп, қыс маусымының ортасындағы нормадан 3-5 градусқа жоғары болады.