Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда апта соңына қарай температура 38 гардусқа жетеді
11:18 / 2021-08-16

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша жаңадан басталған аптаның алғашқы күндері салқын ауа райы сақталып, аптаның соңына қарай температура көтеріледі.

Синоптиктердің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облыстарынан салқын ауа ағымының Өзбекстан аумағына енуі ауа температурасын нормадан 3-5 градусқа төмендетті. Түнде және таңертең ауа температурасы 13-16 градусқа дейін төмендеп, ал күндіз ауа температурасы 29-32 градус, тек оңтүстік облыстардың шет аймақтарында 32-35 градусқа дейін жеткен.

Аптаның басында салқын ауа райы сақталады. Бүгін ауа температурасы 28-33 градус болса, ертең 30-35 градус шамасында болады.

Сәрсенбіден бастап салқын ауа массасы Өзбекстан аумағынан шыға бастайды және оның орнын Иран аумағынан келетін жылы ауа райы иелейді. 

Ауа температурасы көтеріліп, аптаның соңына қарай түнде 18-20 градусқа дейін, күндіз 36-38 градусқа дейін жоғарылайды. Апта бойы республикада ауа-райы құрғақ және аз бұлттылық байқалады.