English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда апта соңына қарай ауа температурасы төмендейді
18:44 / 2022-08-15

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, Өзбекстанда жаңа жұмыс аптасының соңына қарай ауа температурасы төмендейді.

Ферғана алқабының таулы аймақтарында 16 тамызда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 36-39 градусқа дейін көтеріледі, бұл осы күндердегі орташа климаттық көрсеткіштерден жоғары болады.

Аптаның ортасында, сәрсенбіден бастап республика аумағына Орал аймағынан салқын ауа массасы еніп, аптап ыстықтың төмендеуіне әкеледі.

Жұмыс аптасының соңына қарай ауа температурасы түнде 16-20, күндіз 30-33 градусқа дейін төмендейді.

Барлық облыстар бойынша кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейіп, кейбір өңірлерде шаң-тозаң болуы мүмкін. Жаңбыр жаууы байқалмайды.