English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда апта күн суытады
17:46 / 2021-02-15

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда апата бойы күн шуақты болып, соңына қарай суытады.

16 ақпаннан 18 ақпанға дейін Өзбекстанға Иран аймағының оңтүстігінен өте жылы ауа ағынының келуі күшейеді. 18 ақпан ең ыстық күн болады деп күтілуде. Ауаның орташа күндіз-түнгі температурасы қалыптыдан 13-15 градус жоғары.

Жұмыс аптасының соңына қарай ауа-райы күрт өзгереді деп күтілуде. Республика бойынша жаңбыр жауады, солтүстікте жаңбыр мен қоса қар бұрқырайды. Таулы аймақтарда жауын-шашын көп түседі.

18-19 ақпанда қысымның өзгеруі кезінде республиканың кей жерлерінде жел 17-22 м/с, кейде 25-30 м/с дейін күшеюі мүмкін.