Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда апта бойы жаңбырлы ауа-райы сақталады
18:40 / 2022-03-14

Республикалық гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, Өзбекстанда апта бойы жаңбырлы ауа-райы сақталады.

14-17 наурыз аралығында республикада тұрақсыз ауа-райы сақталады. Өңірлердің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, 14-16 наурызда кей жерлерде қатты болады, найзағай байқалуы мүмкін.

Аптаның бірінші жартысында күндізгі ауа температурасы 8-11 градустан 14-17 градусқа дейін өзереді, сәрсенбіде 16-21 градусқа дейін көтеріледі.

18 наурыз, жұма күні Өзбекстан аумағына Ресейдің еуропалық бөлігінен суық ауа массасы кіреді. Республика бойынша жаңбыр жауады, кей жерлерде жауын қысқа уақытқа қарға айналуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 7-10 градусқа дейін төмендейді.

Апта ішінде республика бойынша кей жерлерде жел 17-22 м/с күшейеді, найзағай кезінде желдің жылдамдығы 25-28 м/с жетеді.

Республиканың тау бөктерінде және таулы аудандарында 14-16 наурызда кей жерлерде жауын-шашын жаңбыр, қар түрінде жауады. Тау бөктері мен таулы аймақтарда су тасқыны, тауда қар көшкіні жүру қаупі бар.