Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда апта бойы өте ыстық ауа-райы сақталады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, жаңа жұмыс аптасында Өзбекстанда өте ыстық ауа-райы сақталып, ауа температурасы 43 градусқа дейін ысиды.
Республиканың таулы аудандары мен тау бөктерінде кейбір күндері, негізінен кешке, ал Ташкент облысында 1 маусым күні кешке конвективті бұлтты кезеңде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Жұмыс аптасының күндері көптеген аймақтарда ауа температурасы түнде 22-25 градус, күндіз 37-39 градусты, оңтүстік пен шөлді аудандарда 38-43 градусқа дейін ыстық болады.
Узгидрометтің дерегінше, 31 мамырда және 1-2 маусым күндері республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін күшеюі мүмкін.