Ауа-райы болжамы: Өзбекстанда апта барысында температура жоғары болады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда бұл апта күн шуақты, температура жоғары болады.
6 сәуірде республиканың солтүстік аймақтарына Ираннан жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Өзбекстанда жауын-шашын болмайды, тек тау бөктерінде және таулы аймақтардың кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 18-20 градусқа дейін ысиды.
7-9 сәуірде жылы ауа массалары Өзбекстанның барлық аймақтарына таралады. Орталық, шығыс аймақтарда күндізгі ауа температурасы біртіндеп 23-26 градусты жылылыққа дейін, солтүстік пен оңтүстікте температура 27-32-ге көтеріледі.
5-9 сәуір аралығында Ташкент және Наманган облыстарының таулы аймақтарында 1600 м-ден жоғарыда қар көшкіні жүру қаупі сақталады.