Узгидрометтің хабарлауынша жексенбі күні Өзбекстан аумағына салқын ауа массаларының енуі салдарынан күндер 7-12 температураға дейін суытады.
Бүгін және ертең Өзбекстанда күн ашық жылы болып, күндіз 32-34 градусқа дейін көтеріледі. Жексенбіде елдің басым бөлігінде жылы ауа массаларының келуі жалғасады, ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 35-37 градус болады.
Жексенбіде республиканың солтүстік облыстарына Еділ бойынан салқын ауа кіре бастайды. Кешке Қарақалпақстан мен Хорезм облысында аздап жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 20-25 градусқа дейін төмендейді.
Дүйсенбіде салқын ауа райы бүкіл Өзбекстанға таралады. Елдегі температуралық фон күрт төмендейді, ал аптаның бірінші жартысында күндізгі температура 23-27 градус, түнде 12-15 градус шамасында болады.
26-27 қыркүйекте салқын ауа массасының енуімен бұлттылық күшейіп, кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Аптаның екінші жартысында ауа температурасы тағыда төмендейді деп күтілуде.