English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Демалыс күндері Өзбекстанда күн жылы болады
15:56 / 2021-02-26

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда демалыс күндері күн шуақты болып, температура жоғарылайды.

Аптаның жұмыс күндері соңына дейін республика аумағы суық ауа масса әсерінде болып, 26 ақпаннан бастап ел аумағынан ығыса бастайды. Оның орнына Түркіменстан аймақтарынан жылы ауа массалары келеді.

Демалыс күндері ауа райы жыли түседі. Жексенбі күні түнде 3-5 градус аязға дейін түссе, ал күндіз 7-12 градусқа дейін көтеріледі. Бұл ақпан айының соңындағы климаттық нормаларынан біраз төмен.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қарақалпақстанда, Хорезм облысында және республиканың кейбір таулы аудандарында аздап қар жауады. Таулы аймақтарда қар көшу қаупі сақталады.