Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Демалыс күндері Өзбекстанда күн суық болады
16:01 / 2020-11-13

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстанда Еділ жағалауынан енген суық және ылғалды антициклонның нәтижесінде республиканың басым бөлігі суық әрі жауынды болады.

Бүгін 13 қарашада жаңбыр тек Ферғана алқабы облыстарында, кешке Сұрхандарияда жауады. Аймақтағы қалған мекендерде жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы 6-11 градус шамасында сақталмақ.

14-15 қарашада тағыда ел аумағына Оралдан суық ауа-райының келуі нәтижесінде, 14 қарашада Қарақалпақстан мен Хорезм облыстарында, 15 қарашада Ташкент, Жыззақ, Сырдария, Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында қысқа мерзімді жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), ал қалған аймақтарда құрғақ ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Демалыс күндері ауа температурасы түнде 0-5 градусты жылы, кей жерлерде 1-3 градусқа дейін суық түседі. Солтүстік облыстарда 4-9 градус суық, күндіз 6-11 градус жылылық байқалады.