English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Демалыс күндері Өзбекстан аумағында жаңбыр жауады
18:59 / 2022-09-09

«Узгидрометтің» хабарлауынша, Еділ бойынан енетін салқын және ылғалды ауа массалары сенбі және жексенбі күндері республиканың барлық аймақтарына таралады.

11 қыркүйекте ауа-райы бұлтты болып, Ташкент, Самарқанд, Жызақ, Сырдария облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін. 11-12 қыркүйекте Ферғана алқабының облыстарында және республиканың таулы аймақтарының кей жерлерде жаңбыр жауады.

10-11 қыркүйекте салқын және ылғалды ауа массалары енген кезде жел жылдамдығы 15-18 м/с күшейіп, кей жерлерде шаң-тозаң соғады. Сенбі күні Сұрхандария облысы мен Ферғана алқабы аудандарында жел 20-23 м/с жетуі мүмкін.

Республика аумағының басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жексенбіге қарай күндізгі температура 23-28 градусқа дейін, дүйсенбіге қарай түнгі температура 10-13 градусқа дейін төмендейді.