Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Демалыс күндері Өзбекстанда температура төмендейді
13:40 / 2020-09-26

«Узгидромедтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстанда температура төмендеп, күн райы суытады


Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстанда температура төмендеп, күн райы суытады.

26-27 қыркүйекте Солтүстік Орал үстінде қалыптасқан суық антициклонды ауа ағымы Қазақстан арқылы республиканың солтүстігіне келуі нәтижесінде Қарақалпақстанда, Хорезм облысында және шөлді аймақтарда ауа температурасы 5-7 градусқа төмендейді, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады деп күтілуде.

Басқа аймақтарда температура біршама аз төмендеуі байқалады. Демалыс күндері ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 20-25, солтүстік аймақтарда түнде 5-10, күндіз 15-20 градусқа дейін болады.

Келесі аптаның алғашқ жартысында республиканың бүкіл аумағы осы суық антициклонның ықпалында болады. Бұл күндері Өзбекстан аспанында бұлт көбейіп, елдің жазық аймақтарында ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек тау бөктері мен таулы аймақтардың кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.