Ауа-райы болжамы: Демалыс күндері Өзбекстанда қар жаууы мүмкін
«Узгидромедтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстан аумағына Солтүстік Қазақстаннан салқын ауа ағымы енеді
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстан аумағына Солтүстік Қазақстаннан салқын ауа ағымы енеді.
Бүгіннен бастап республика аумағына суық ауа-райы ене бастап, күннің бірінші жартысында кейбір аймақтарда ауа температурасы кешегіден 4-6 градусқа төмендейді.
Суық ауа-райының келуі ертең де республика аумағында жалғасады және температура түнде 3-6 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте 0-3 градусқа дейін түсіп, күндізгі жағадй 13-17 градустан аспайды.
Бүгін және ертең Өзбекстанның басым бөлігінде құрғақ ауа райы сақталып, тек елдің оңтүстік-шығыс аумақтарында Түркіменстан аймағынан ылғалды бұлт массасы келеді. Ферғана алқабында және елдің тау бөктері мен таулы аймақтардның кейбір жерлерінде жаңбыр жауады, ал теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте орналасқан таулы аудандарда жауған жаңбыр қарға айналуы мүмкін.
Жексенбіде Өзбекстанның басым бөлігінде көшпелі бұлтты және құрғақ ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде 3-6 градус, солтүстікте 0-3 градус, күндіз 18-20 градус болады.