Ауа-райы болжамы: Демалыс күндері таулы аймақтарда қар жаууы мүмкін
«Узгидромедтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстанда ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстанда жауын-шашын болмайды.
2-3 қазан күндері Ташкент облысының таулы аймақтарында және Ферғана алқабының таулы аудандарында жаңбыр жаууы және биік таулы қыраттарда жауған нөсер қарға айналуы мүмкін. 3 қазанда таңертең және кешкі уақыттарда тұман түсу ықтималы бар.
Демалыс күндергі ауа температурасы климаттық нормаға жақын болып, түнде 5-10, күндіз 22-25 градус шамасында болады.