Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз температура 17-22 градусты жылы болады.
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша бұл аптада республика аумағында ауа-райы біршама төмендеу байқалады.
Ертең облыстардың басым бөлігінде құрғақ және бұлтты ауа райы сақталады, тек солтүстік облыстарда Кавказдан суық және әлсіз ауа массалары келеді. Қарақалпақстан мен Хорезм облысында кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін.
6 қазанда Ташкент, Самарқанд, Жызақ, Сырдария, Қашқадария облыстарында аздап жаңбыр жауады. Ауа массаларының Ферғана аңғарына ауысуы кезінде жауын біршама күшейеді.
5-6 қазанда желдің жылдамдығы солтүстікте және шөлді аймақтардың кей жерлерінде 15-20 м/с дейін күшейеді деп күтілуде. Ауа температурасы түнде 5-10 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Сәрсенбіде жаңбыр жауады, деседе облыстың басым бөлігінде аз бұлтты ауа райы күтіледі. Температура қайтадан 17-20 градусқа дейін көтеріледі.
Құрғақ және салыстырмалы түрде жылы ауа-райы ұзаққа созылмайды. Бейсенбі 8 қазан күні, Каспий теңізінің оңтүстік жағалауынан республика аумағына ылғалды ауа массаларының енуі салдарынан Ташкент, Самарқанд, Жызақ, Сырдария облыстарында аздап жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл күндері ауа температурасы қайтадан 13-15 градус дейін төмендейді.