Республикалық гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, апта соңына қарай Өзбекстанда тепература 35 градусқа жетеді.
Бүгін республиканың басым бөлігінде күн бұлтты, құрғақ, жылы болады деп күтілуде. Тек Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара және Науаи қалаларында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Желдің жылдамдығы 17-22 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң соғады. Бұхара, Науаи, Жызақ, Сұрхандария облыстарында желдің жылдамдығы 25-28 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы күндіз 24-29 градусқа жетеді.
Ташкент облысында түнде және таңертең таулы аймақтарда күннің бірінші жартысында найзағаймен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауады деп күтілуде. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде 14-19, күндіз 24-29 градус жылы болады.
13-15 сәуірде Өзбекстанға Түркіменстаннан ыстық ауа массасы енеді. Осы мерзімде жауын-шашын күтілмейді. Аптаның соңына қарай ауа температурасы нормадан 6-8 градус жоғары болып, түнде 14-19 градус шамасында, күндіз 30-35 градус ыстықты көрсетеді.