Ауа-райы болжамы: Бұл апта Өзбекстанда температура жоғарылайды
Узгидрометтің хабарлауынша, ертең Кавказ аймағынан салқын әрі ылғалды ауа райы енеді. Республика бойынша кей жерлерде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстікте және таулы аймақтарда қар жауады. Ферғана алқабында жауын-шашын аз болады. Ауа температурасы 2 градус суық – 3 градус жылы, күндіз 3-8 градус шамасында жылыны көрсетеді.
9 ақпанда Ташкент, Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Түнде аздаған аяз сақталады, ал күндіз температура біртіндеп 7-10 градусқа дейін көтеріле бастайды.
Аптаның ортасынан бастап республиканың барлық аумағында ауа райы өзгеріп, Иран аумағынан өте жылы ауа-райы келеді. Өзбекстан бойынша жауын-шашын байқалмайды. Ауа температурасы көтеріліп, нормадан жоғары болады. Аптаның соңына қарай күндізгі ауа температурасы 12-15 градусқа дейін, оңтүстікте 18-20 градусқа дейін көтеріледі.
Аптаның басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі. 7-8 ақпанда республиканың таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі сақталады.