Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша бұл апта Өзбекстанда салқын ауа температурасы сақталып, өткінші жаңбыр жауады.
Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы күндізгі нормадан 3-4 градус төмен және 20-25 градустан аспайды.
Ертең Ташкент, Самарқанд, Жызақ, Сырдария облыстарында, күндіз Ферғана алқабында түнде және таңертең ғана жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 20-25 градус жылы болады.
Бейсенбі күні республиканың солтүстік облыстарында көбірек ылғалды және салқын ауа массалары сақталады, Қарақалпақстан мен Хорезм облысында кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
13 мамыр жұма күні республиканың барлық аймақтарына ылғалды және салқын ауа массасы таралады. Кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Солтүстікте жаңбыр тоқтайды. Осы күндері ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 12 мамырда 23-28 градус жылы болса, 13 мамырда жаңбыр кезінде 21-26 градусқа дейін төмендейді.
Апта ішінде республиканың тау бөктерінде және таулы аймақтарында су тасқыны байқалуы мүмкін.