Ауа-райы болжамы: Бұл апта Өзбекстанда қысқа мерзімді жауын жаууы мүмкін
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, бұл апта Өзбекстан аумағында тепература 39 градусқа дейін жоғарылап, кейбір аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.
Аптаның бірінші жартысында Өзбекстан аумағы Қазақстан аумағынан келетін салқын ауа массасының ықпалында болады. Ауа температурасы түнде 15-18 градусқа, күндіз 32-35 градусқа дейін, оңтүстікте 36-38 градусқа дейін төмендейді.
Аптаның екінші жартысында ауа температурасы түнде 20-23 градусқа дейін, күндіз 36-39 градусқа дейін, солтүстік, оңтүстік және шөлді аймақтарда 40-41 градусқа дейін көтеріледі.
Апта ішінде елдің басым бөлігінде құрғақ және аз бұлтты ауа райы күтіледі. Тек Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында 14 маусымда күндіз кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай болуы мүмкін.
14-15 маусымда республиканың тау бөктері мен таулы аймақтарында кей жерлерде найзағаймен қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.