Ауа-райы болжамы: Бұл апта Өзбекстанда күн ыстық болады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда бұл аптада күн райы Иран аумағынан енетін ыстық ауа ағымының салдарына жазғы температураға тән аптапты болмақ.
Тек таулы аудандарда ғана найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал басқа облыстарда құрғақ, аз бұлтты ауа райы күтіледі деп хабарланған. Ауа температурасы күндіз 32-35 градусқа дейін, оңтүстік және шөлді аймақтарда 38 градусқа дейін көтеріледі, бұл орташа жылдық темптен 5-8 градусқа жоғары, бірақ бұл температураның абсолюттік максимумынан аз. Ең ыстық болған жылдары күндізгі температура 38-40 градусқа дейін, оңтүстікте 40-42 градусқа дейін көтерілген.
Аптаның аяғында ауа температурасы 27-30 градусқа дейін төмендейді, бұл Қазақстан аймақтарынан салқын ауаның келуіне байланысты орын алады.