Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Бұл аптада температура 40 граусқа дейін жоғарылайды
14:46 / 2020-07-27

31 шілдеде республиканың барлық өңірлерінде, 1-2 тамызда таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады


Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша апта бойы ел аумағында аптапты ыстық байқалып, кейбір аймақтарда қысқа мерзімді жауын жауады.

27-29 шілде аралығында Өзбекстан аумағы атмосферадағы әлсіз батыс ағымдарының әсерінде болып, нәтижесінде республиканың басым бөлігінде ауа-райы қалыпты ыстық және құрғақ болады деп күтілуде.

Республиканың таулы және тау бөктерінде, 28 шілде сейсенбіде Ферғана алқабының жазық аймағында аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндізгі температура 35-38 градус, кей жерлерде 40 градусқа дейін жетеді.

30 шілде күні Еділ бойы мен Өзбекстанның солтүстік-батыс облыстары аспанында циклон қалыптасуы байқалып, бұл 31 шілде мен тамыздың алғашқы күндерінде республикада ауа-райының қалыптасуына әсер етеді.

31 шілдеде республиканың барлық өңірлерінде, 1-2 тамызда таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндізгі температура 33-36 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы елдің кейбір өңірлерінде 15-20 мертге дейін жеуі мүмкін.