Ауа-райы болжамы: Бұл аптада күн ыстық болып, жауын жауады
Бүгін республикада ауа-райы сәуір айының ең жоғары ыстықтығы байқалып температура 37 градусқа жетеді
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бұл аптада күн шуақты келіп, температура ыстық болатыны айтылған.
Бүгін республикада ауа-райы сәуір айының ең жоғары ыстықтығы байқалып температура 37 градусқа жетеді. Сонымен қатар солтүстік аймақтарға ылғалды ауа ағымының енуіне байланысты кешке Қарақалпақстан мен Хорезм облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Температура басқа жерлерден төмен - шамамен 23-28 градус. Бүгін түнде және ертең таңертең республиканың солтүстік аймақтарында, сондай-ақ Бұхара және Науаиы облыстарында жаңбыр жауатын болады.
Ертең күндіз жаңбыр жауу аймағы республиканың орталық және оңтүстік облыстарына ауысады. 28 және 29 сәуір күндері күндіз Ташкент, Самарқанд, Жыззақ, Сырдария, Қашқадария және Сұрхандария облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 28 сәуірде кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін көтерілуі мүмкін. 29 сәуірде кешке Ферғана алқабында жаңбыр жауып, күн күркіреуі болса, 29 сәуірде температура 20-25 градусқа дейін төмендейді.
30 сәуір мен 1 мамырда Өзбекстан бойынша ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал 2 мамырда екі күндік үзілістен кейін елде жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл күндері ауа температурасы 23-28 градус шамасында болады.