Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Бұл аптада күн-райы нашарлап жаңбыр жаууы мүмкін
14:47 / 2020-08-24

«Узгидромедтің» хабарлауынша бұл апта ел аумағына салқын ауа ағымы келуі салдарынан күн райы біршама салқындау болады


Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бұл апта ел аумағына салқын ауа ағымы келуі салдарынан күн райы біршама салқындау болады.

Бүгін Өзбекстанның оңтүстігінен ыстық ауаның қозғалысы нәтижесінде ауа райы құбылмалы боласа да, жауын-шашын болмайды. Температура климаттық нормадан 3-5 градус жоғарыны көрсетіп, 34-39 градусқа дейін жоғарылайды.

25 тамызда республикада ауа райы өзгереді деп күтілуде: таңертең республиканың солтүстік-батыс аудандарына, кешке қарай орталық аймақтарға Еділ бойындағы салқын-ылғалды ауа келіп жетеді. Күндізгі уақытта Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара, Науаиы облыстарында, кешке қарай Ташкент, Самарқанд, Жыззақ, Сырдария, Қашқадария облыстарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Температура түнде 20-25 градусты көрсетсе, күндіз 28-33 градусқа дейін төмендейді.

26 тамызда республика аумағындағы салқын фронт ауа ағымы оңтүстік-шығысқа қарай ауысады. Соның нәтижесінде елдің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін. Ал Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара және Науаиы облыстарында жаңбыр тоқтайды. 26 тамыз антициклонның әсерінен ең суық күн болуы айтылған. Ауа температурасы түнде 15-18 градус, күндіз 23-26 градус болады. Мұндай температура бірқалыпты жағдайдан 6-9 градусқа төмен.

Аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейуі мүмкін болып, бейсенбі және жұмада күндері ауа райы жауын-шашынсыз болады. Антициклонның әсерінен түнгі температура салқын болып, 15-20 градус шамасын көрсетеді. Күндіз ауа баяу жылынып, 28 тамызда 30-35 градусқа дейін көтеріледі.