Ауа-райы болжамы: Бұл аптада күн-райы нашарлап жаңбыр жаууы мүмкін
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бұл апта ел аумағында күн бұлытты болып жауын жаууы мүмкін
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бұл апта ел аумағында күн бұлытты болып жауын жаууы мүмкін.
Бүгін және ертең Өзбекстан аумағының үлкен бөлігі батыс ағымының әсерінде болып, елге Каспий теңізі бойында қалыптасқан ылғалды және салқын ауа ағымы кіреді. Нәтижесінде республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болып, Ташкент облысы, Ферғана алқабы және республиканың тау бөктері мен таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Елдің кейбір аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетіп, ауа температурасы бүкіл республика бойынша төмендейді. Ертең ауа-райы 28-33 градусты көрсетсе, оңтүстікте 34-37 жылылық байқалады.
19-21 тамыз күндері республика бойынша күн аз бұлтты болып, ауа температурасы сәл көтеріледі. 19 тамызда күндізгі температура 28-33 градус көрсетсе, 20-21 тамызда күндіз ауа температурасы 34-37 градусқа дейін жоғарылайды.