English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Бұл апта жауын-шашынды басталып, соңы ысиды
14:28 / 2020-05-18

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрден 23-28 дейін жетуі байқалып, демалыс күндері ауа температурасы 30-35 градусқа жетеді


Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бұл апта құбылмалы болып, Еділ (Волга өзені) бойы аймағынан ылғалды және салқын ауа ағымының Өзбекстан аумағына қарай жылжуына байланысты, Қарақалпақстан мен Хорезм облыстарынан бөлек көптеген аймақтарында жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты нөсер құйып, күн күркіреуі мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрден 23-28 дейін жетуі байқалып, күндізгі ауа температурасы 20-25 градусқа жетеді.

19 мамыр республиканың көптеген аумағында жаңбыр жауады, тек орталық және шығыс облыстарда өтпелі жауын себелейді. Ауа температурасы 22-27 градус шамасында болады.

20 мамырдан бастап аптаның соңына дейін оңтүстіктен Өзбекстанға құрғақ және жылы ауа ағымының келуі күн сайын күшейіп, республикада күн ашық болады. Температура жаймен көтеріліп, түнгі уақытта 17-20 градусты болса, демалыс күндері күндіз 32-35 дәрежеге дейін жетеді. Республиканың солтүстік, оңтүстік және шөлді аймақтарында 37 градусқа көтеріледі.