Ауа-райы болжамы: Бұл апта Өзбекстанда жауын жаууы мүмкін
Узгидромедтің» хабарлауынша бұл апта Өзбекстанда жауын жаууы мүмкін
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бұл апта Өзбекстанда жауын жаууы мүмкін.
Бүгін және ертең Өзбекстан аумағына құрғақ және ыстық ауа массасы әсер етіп, аз бұлтты болады. Күндіз температура 24-27 градусқа дейін көтеріледі, бұл осы күндері климаттық нормадан 4-5 градусқа жоғары.
21 қазанда республиканың солтүстік облыстарына Батыс Қазақстан арқылы Еділ өзені үстінде қалыптасқан салқын және ылғалды ауа массасы кіріп келеді. Қарақалпақстанда және Хорезм облысында бұлт күшейіп, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың қалған аймақтарында құрғақ, аздап бұлтты ауа райы күзетілген.
22-23 қазанда бүкіл Өзбекстанға салқын ауа-райы таралады. Тау бөктері мен таулы аудандардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, таулардың биік шыңдарында қар жаууы мүмкін. Елдің кейбір аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Ауа температурасы аздап төмендейді және түнде 3-8 градус, солтүстікте 0-3 градусқа дейін суық түссе, күндіз 13-18 градус жылы болады, бұл осы күндергі қалыпты жағдайдан 3-5 градусқа төмен.