Ауа-райы болжамы: Бұл апта тағыда жауын-шашынды болады
Республиканың тау мен таулы аймақтарында су тасқыны болуы қаупі бар
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша 4-6 мамырда Өзбекстан аумағына Түркіменстан арқылы Каспий теңізінің оңтүстік облыстарында пайда болған ылғалды ауа ағыны келіп жетуінің арқасында жауынды болады.
4 мамыр күні Хорезм, Бұхара, Науаиы облыстарында жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты нөсер жауып найзағай болуы мүмкін. Қашқадария және Самарқанд облыстарында кешке жаңбыр жауады, найзағай болуы мүмкін. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды.
5 мамырда республиканың кей өңірлерінде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кешке Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында жаңбыр жауып, күн күркіреуі байқалған. Ал, Қарақалпақстан мен Хорезм облысында жауын-шашын болмайды.
6 мамырда Ташкент, Самарқанд, Жыззақ, Сырдария, Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарының кей жерлерінде жаңбыр төксе, кей өңірлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын болмайды.
4-6 мамыр күндері аралығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, 23-28 м/с жетуі мүмкін.
4-7 мамырда республиканың тау мен таулы аймақтарында су тасқыны болуы қаупі бар.