Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Бұл апта күн райы құбылмалы болмақ
14:55 / 2020-06-08

Аптаның соңына қарай ауа-райы жауын-шашынсыз болады және температура жоғарылайды


Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бұл аптада Өзбекстан аумағына Кавказ аймағынан келетін салқын және ылғалды ауа ағындары салдарынан ауа-райы құбыбылмалы болады.

Ташкент, Самарқанд, Жыззақ, Сырдария облыстары және Ферғана алқабында ауа-райы тұрақсыз болып, кей жерлерде күн күркіреп өткінші жаңбыр жауады.

Өзбекстанның қалған тереториясында жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы 28-33 гардус көрсетеді. Бұл бірқалыпты жағдайдан 2-3 градусқа төмен. Республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге дейін көтерілуі мүмкін.

9-10 маусым күндері Ферғана алқабының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы түнде 15-20 градус, күндіз 30-35 градусқа жетеді.

Аптаның соңына қарай ауа-райы жауын-шашынсыз болады және температура жоғарылайды. Тек таулы аймақтардың кей жерлерінде найзағай болып жауын жаууы мүмкін. Күн райы күндіз 34-37 градусқа жетеді.