Ауа-райы болжамы: Аптаның екінші жартысынан температура көтеріледі
«Узгидромедтің» хабарлауынша аптаның екінші жартысында температура тағыда көтеріледі
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша аптаның екінші жартысында температура тағыда көтеріледі.
Өзбекстан аумағына енген суық антициклонның әсері бүгін түнде және таңертеңгі кезде байқалып - ауа температурасы түнде 10-13 градусқа дейін төмендеп, күндіз 25-30 градусқа дейін жылынады.
Еділ бойынан енген республика аумағындағы антициклон екі күн бойы теператураға әсер етіп ауа-райы біршама салқындау болады, тек аптаның екінші жартысында ауа жыли бастайды.
Температура 8-9 қыркүйек күндері түнгі уақытта 12-17, күндіз 25-30 градусты көрсетсе, 10-12 қыркүйекте 27-32 дәрежеге дейін жылиды. Мұндай ауа-райы айдың осы кезеңіне тән климаттық нормадан 3-6 градусқа төмен екендігі айтылған.