Ауа-райы болжамы: Апта барысында температура 34 градусқа жетеді
Бұл аптадағы максималды жоғары температурасы 32-34 градус болса, оңтүстікте және шөлейтті аймақтарда 35-37 дәрежеге шейін шығады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бұл аптада Ираннан есер ыстық және құрғақ ауаның келуі және дүйсенбіден жұмаға дейін оңтүстіктен ауған ауа ағымы күшейу салдарынан республикада ауа-райы ыстық болуы байқалған.
Өзбекстанның басым бөлігінде ауа-райы мезгіл-мезгіл өзгеріп тұрады, жауын-шашын болмайды. Температура түнде 17-22 градусқа, 20-22 сәуірде күндіз 25-30 градусқа ыстық. Ал 23-24 сәуірде 27-32 градусқа шықса, оңтүстік және шөлді аймақтар кей жерлерінде 33-34 градусқа дейін көтеріледі. Бұл температура осы кезеңге тән нормативті мөлшерден 6-8 градус жоғарырақ.
Сәуір айының бұл аптадағы максималды жоғары температурасы 32-34 градус болса, оңтүстікте және шөлейтті аймақтарда 35-37 дәрежеге шейін шығады.
Аптаның екінші жартысында ғана республиканың солтүстік облыстарында Қазақстанның батысынан салыстырмалы түрде салқын және аз ылғалды ауа ағынының келуі басталады. 23 сәуірде Қарақалпақстанның кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауса, 24 сәуірде ауа температурасы түнде 7-12 градусқа, күндіз 17-22 градусқа дейін жылиды.