Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауа-райы болжамы: Алдағы күндері температура біршама төмендейді
17:39 / 2020-08-10

Бүгін және ертең республиканың таулы аймақтары мен кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін


Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидромедтің» хабарлауынша бұл аптада ел аумағында температура аздап бәсеңдейді.

Бүгін Өзбекстанның басым бөлігінде ауа-райы құрғақты ыстық келіп, температура 33-38 градусты көрсетеді. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15 м/с-қа дейін күшейуі мүмкін.

Ертең республика аумағына әлсіз ауа ағындарының келуі нәтижесінде температура түнде 18-23 градусқа, күндіз 30-35 градусқа дейін төмендейді. Жұмыс аптасының соңына қарай температура көтеріліп, 33-38 градусқа жетеді.

Бүгін және ертең республиканың таулы аймақтары мен кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.