Ауа райы: Бұл апта Өзбекстанда температура 38 градусқа дейін ысиды
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша бұл аптада Өзбекстанда ауа температурасы өте ыстық болады деп күтілуде.
25 сәуірден бастап өте ыстық ауа массалары елге енуі, сәуірдің соңымен салыстырғанда жаздың басына тән ашық ауа температурасы Өзбекстанның барлық аймақтарында байқалды.
Ауа райы түнде 14-17, күндіз 32-35 гардусқа дейін ысиды. Оңтүстік пен шөлді аймақтарда 37-38 градус болады. Күндізгі температура осы күндердегі абсолютті максимумға жақындайды.
Аптаның соңында Каспийдің солтүстік аймақтарынан салқын және аздап ылғалды ауа массалары келеді. Республика аумағында күн бұлтты болады деп күтілуде, бірақ жауын-шашын ықтималдығы аз. Күндіз ауа температурасы 27-32 градусқа дейін аздап төмендейді, дегенмен ол нормадан жоғары деңгейде қалады.