Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстан аумағына суық антициклон енеді.
Бүгін Өзбекстан аумағына Ираннан жылы және ылғалды ауа массалары кіре бастады. Кейбір аймақтарда жаңбыр жауады. Солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа-райы жауын-шашынсыз болады, деп күтілуде.
Ертең республика аймақтарына оңтүстік циклон ене бастайды, содан кейін Орал аумағынан суық антициклон келеді. Ел аумағында жауған жаңбыр кешке қарай қарға айналуы мүмкін, бірақ республиканың солтүстік облыстардың шет аумақтарында жауын-шашын болмайды.
Жексенбі күні жаңбыр жауып, ол суық фонда қар түрінде жалғасады. Республиканың таулы аймақтарының кей жерлерде қалың қар жаууы мүмкін және қар көшкіні қаупі сақталады.
Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді, жексенбіде 3 градус суық - 2 градус жылы болмақ. Осы кезең аралығы түнде және таңертең бүкіл ел бойынша тұман түсуі ықтимал.