Ауғанстаннан 150-ге жуық азамат білім алу үшін Өзбекстнаға келді
Осынау игі бастама Президент Шавкат Мирзияевтің тікелей қолдауымен жүзеге асырылуда
Жоғары және арнайы-орта білім министрлігінің Сұрхандария облыстық филиалының хабарлауынша, дүйсенбі күні «Харайтон» шекаралық өткізу постынан Ауғанстандық бір топ жоғары білім алу ниетпен келген жастарды Өзбекстанның Ауғаныстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Ергашев күтіп алған.
Президент Шавкат Мирзияевтің бастамасымен Ауғанстан азаматтары жоғары және орта арнаулы білім министрлігі жанындағы Ауғанстан азаматтарына арналған арнайы оқу орталықтарында оқитын болады.
Ауғанстаннан келген талапкер жастардың 119-ы өзбек тілі мен әдебиетінде, 18 - акушерлік және медбике ісі бойынша, тағы 10 жас – жер үсті көлік жүйелері мен пайдалану, локомотивтер мен вагондар бойынша білім алуға ниет білдірген.
Студенттерге Әлішер Науаиы атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің, Ташкент теміржол инженерлері институтының және Ташкент медициналық академиясының профессорлары мен оқытушылары дәріс өтетін болады.