Ауғанстанда жарылыс салдарынан 11 полиция қызметкері қаза тапты
Осы жағдайға қатысты мәселені елдегі терорлы топтар өз міндетіне алудан бас тартқан
Ауғанстанның солтүстік-шығысында орналасқан тарихи аймақ Бадахшан провинциясында бомба жарылуының нәтижесінде 11 полиция қызметкері қаза тапты.
Tolo News ақпарат көзінің аймақтық полиция өкілі Санауллах Руханидің мәліметіне сүйене таратқан ақпаратында оқиға 6 маусым күнге өтер кеште болған. Онда тәртіп сақшылары мен топ басшысы болған жалпы 11 кісілік автокөлік жол шетіндегі минадан жарылып кеткен. Нәтижеде барлық азаматтар оқиға орнында көз жұмған. Ал бұл жағдайға қатысты мәселені елдегі терорлы топтар өз міндетіне алудан бас тартуда.