Ауғанстанда содырлар перзентханаға шабуыл жасап, аналар мен сәбилерге оқ жаудырған
Ауғанстанның бірінші вице-президенті Амрилло Салих бұл шабуылға Талибан мен олардың одақтастарының қолы бар деп айыптаған
Ауғанстан астанасы Қабул қаласының батыс аймағында ораналсқан перзентханаға содырлар қарулы шабуылнан 16 адам, оның ішінде аналар мен балалар да қаза тапқан.
Reuters-тың хабарлауынша, алдымен медициналық мекемеде жарылыс болып, содан кейін лаңкестер ішке кіріп, адамдарға оқ жаудырған. Соның нәтижесінде ғимарат ішінде 16 адамның, оның ішінде екі нәрестенің өмірін қиғаны және 15 адам түрлі дәрежеде жарақат алғаны айтылады.
Мемлекет Ішкі істер министрлігінің хабарында Ауғанстан президенті Ашраф Ғани қауіпсіздік күштеріне террористерге қарсы жедел әрекет етуді бұйырғаны және әскери киімде болған лаңкестердің өлтірілгені айтылуда. Ауғанстанның бірінші вице-президенті Амрилло Салих шабуылға Талибан мен олардың одақтастарын да айыптады. Алайда қозғалыс өкілдері шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартқан.