Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ауғанстанда президенттік сарайда коронавирус жаппай тарағаны распа?
09:38 / 2020-04-19

Ауғанстанда бұрын қойылған шектеулер тағы үш аптаға - мамыр айының ортасына дейін ұзартылған


Өткен апта ішінде Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің сарайында коронавирус тараған болып, оны сонда жұмыс жасайтын кемі 20 шақты қызметкер жұқтырған. Вирустың мұнда тарауы жайлы болжам қазірге үкіметтің басқа бір бөлімінен келген құжжат арқылы тарағандығы айтылуда.


Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерінің айтуынша, сарайға коронавирус басқа үкімет кеңсесінен әкелінген құжат себеп болған дейді. «Кейбір қызметкерлер тестілеудің нәтижелері алынғанға дейін президент әкімшілігінің ғимаратында жұмыс істеді, сондықтан оларды және олардың отбасыларын оқшаулауға тура келді. Біз пайымдауымызша науқастардың саны одан да көп болуы мүмкін», - деген ол.

Қазірде Ауғанстанның мемлекеттік қызмет жөніндегі комиссиясы мемлекеттік қызметкерлерге үйде болуды айтып және елде бұрын қойылған шектеулер тағы үш аптаға - мамыр айының ортасына дейін ұзартылғанын мәлімдеген.

Өз әкімшілігінде коронавирус жұқтырғандар бар екені анықталғаннан кейін 70 жастағы президент өзінің қызметкерлерімен қатнасты шектеп, олардың көпшілігімен цифрлық құралдар арқылы байланыс жасауды ұйғарған. Денсаулығына байланысты Ашраф Ғани өзінің көптеген кездесулерін бейнеконференция түрінде өткізуде және бірнеше адаммен ғана жеке кездесуде.